Бөлім басшысы |
Бакирова Лайляш Хамитовна |
Функционалдық міндеттері |
1. Білім бөлімі тарапынан жалпы басқаруды жүзеге асырады, аудан әкімінің аппаратында, мәслихатта, облыстық білім басқармасында, жергілікті басқару органдарында білім бөлімі атынан өкілдік ету. 2. Білім және ғылым Министрлігі бұйрықтарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. 3. Аудан әкімімен немесе әкімнің орынбасарларымен келісім бойынша жергілікті бюджеттен қаражаттандырылатын мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдарына, мектептен тыс ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына бақылауды жүзеге асыру. 4. Бөлімнің өзара іс-әрекеттік байланысын қамту. 5. Оқу-тәрбие үрдісін үйлестіру мақсатында аудандағы жаңа үлгідегі мектептерде инновация және басқару құрылымын тиімді жетілдіруді және енгізуді ұйымдастыру. |
Қосымша жүктеме |
1. Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындығын бақылауды жүзеге асыру. 2. Бөлім жұмысына жалпы басшылық, білім бөлімі алқасының төрайымы міндетін атқару. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жұмысын ұйымдастыру және өз уақытында орындалуын қадағалау. |
Бас маман |
Бедерова Лейла Сайлауовна |
Функционалдық міндеттері |
1. Білім мекемелерінің, аудандық, білім бөлімінің, әдістемелік кабинеттің ақша қаражаттарының жұмсалуын, штат кестелердің дұрыс пайдаланылуын қадағалау, есеп алу, басқа мекемелермен есеп жүргізу. 2. Білім беру бөлімінің барлық есеп жұмыстарын жүргізу, материалды бағалы заттардың есебін жүргізу. 3. Мұғалімдердің тарификациясын оған сәйкес еңбекақы табельдерін тексеру. 4. Қаржылық бақылау органдарымен бірлескен іс – қимылды қамтамасыз ету. 5. Білім беру бөлімі аппараты қызметкерлерінің жалақысын жасау. |
Қосымша жүктеме |
1. Смета бойынша қаралған қаржыны бақылау, есеп жұмысына басшылық жасау 2. Мектептердің жұмсалған қаражат, қарыздары туралы есептерін жинақтау, талдау, есеп алу. 3. Бөлінген қаржының игерілуін бақылау. |
Бас маман |
Бейсенаева Бибигуль Кошмагамбетовна |
Функционалдық міндеттері |
1. Білім беру мекемелерінің жұмысына рейтингтік баға беруді, білім беру жүйесінің мониторингін жасауды ұйымдастыру. 2. Мектеп директорларының іскерлік кәсіби дайындығын, білімдерін жетілдіру жұмысын қамтамасыз ету (топтық, жеке кеңес беру, курстар өткізу, семинар, семинар-практикум); 3. Мектеп басшыларының ҰБТ ережелерінің орындауын және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыруын қадағалау. 4. Мектеп жүйесін, сыныптарды жинақтау, оқушылар контингенті бойынша есеп жүргізу, мектеп басшыларының білім сапасын тексеру бойынша жарияланған ережелерінің, емтихан туралы нұсқаулықты орындауын және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыруын қадағалау. 5. Сырттан оқитын топтар мен экстернаттардың оқытылуын ұйымдастырып, қадағалау. |
Қосымша жүктеме |
1. Бөлім аппаратының жұмысын жоспарлау, жоспарланған шаралардың орындалуын бақылау. 2. Білім беруді жетілдіруге арналған, бағытталған үкімет шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру. 3. Кәсіби оқыту, пәндерді тереңдетіп оқыту, оқу бағдарламаларын таңдау жұмыстарын жүргізу. |
Бас маман |
Зейнелаева Алия Охановна |
Функционалдық міндеттері
|
1. Аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысының жағдайын басқару,бақылау және білім ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөнінде орынбасарларымен әдістемелік жұмыс жүргізеді, тәрбие жұмысы бойынша озық тәжірибені зерттеу,насихаттау мен тәрбие жұмысы бойынша ұсыныстарды, ережелерді, бағдарламаларды, жоспарларды әзірлейді. 2. Қосымша білім беретін ұйымдардың жұмысына жетекшілік және оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру жұмыстарына жауапты. 3. Мектеп оқушыларының демалысын, жазғы уақытта балалардың сауықтыруын, оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі мен салауатты өмір салты, денсаулығын мен қауіпсіздігін бойынша жұмыстарды атқарады. 4. Ата-аналар және қамқоршылық кеңестерімен, білім ұйымдарында гендерлік тәрбие жөніндегі бағдарламалар және білім ұйымдардың мектеп формасы жөніндегі жарғының орындалуы және мемлекеттік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады. 5. Құқық бұзушылық пен қылмыс жасаған оқушылармен алдын алу жұмысы, суицицдтік жағдайды болдырумау, оның алдын алу, қиын оқушымен жұмыс, тәукел тобымен жұмыс және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне жетекшілік етеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына жауапты. |
Қосымша жүктеме |
1. Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы 2. Аудандық ақпараттық насихаттау тобының жұмысы 3. Әлеуметтік желілерімен жұмыс (медиа жоспар бойынша) |
Бас маман |
Байғожа Серғазы |
Функционалдық міндеттері
|
1.Қазақстан Республиксының «Кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыз қалуын ескерту туралы» Заңының негізінде аудан мектептеріндегі «Балалық шақты қорғау» жөніндегі қоғамдық инспекторларға әдістемелік көмек көрсету. 2. Аудан азаматтарының отбасында бала тәрбиесіне байланысты келіспеушілік болғанда сот процессіне қатысып, баланың құқығын қорғау. 3. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау, қажет болған жағдайда мемлекеттік балалар үйіне орналастыруға қажетті құжаттарды дайындау. 4. Бала асырап алғанда, ата-аналар ажырасқанда аудандық жасөспірімдер жөніндегі инспекциямен, прокуратурамен, аудандық орталық ауруханамен және ҚАМСЭҚБ-мен бірлесе жұмыс жүргізу, рейдке шығу; 5. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мониторингісін жүргізеді, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекке орналастырудың оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметі жөнінде жиынтық есептерді жинау өңдеу, талдау жұмыстарын жүргізеді ; жан-жақты және тақырыптық тексерулер жүргізу. |
Қосымша жүктеме |
1. Аудан білім мекемлерінің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қадағалау, есеп жүргізу ұсыныс беру. 2. Білім мекемелерінің санитарлық тазалығына, материалдық-техникалық базасының нығаюына жауап беру, жаңа оқу жылына, қысқа әзірлік, жылу жүйесі,жылыту маусымының жұмыстары, қатты және сұйық отынның бөлінуі, жұмсалуын бақылау, есебін жүргізу. 3. Патронаттық тәрбиеге алуға ниет білдірген жеке тұлғалардың тұрмыс- жағдайын тексеру актілерін дайындау. |
Бас маман |
Урисбаева Жансая Алыбековна |
Функционалдық міндеттері |
1. Бөлімнің кадр жөніндегі құжаттарын: мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарының жинағы, бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттері, жұмыс уақытының кесімі (регламент), іс-номенклатурасы, бөлім қызметкерлері мен мектеп директорларының жеке іс қағаздарын жүргізу. 2. Аудан білім мекемелерінің мамандарға сұранысын қабылдап, педагог мамандармен қамтамасыз етуге ықпал жасау, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың жобасын дайындау. 3. Білім бөлімінің аппарат қызметкерлерінің еңбек күнінің табелін жүргізу, білім бөлімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу. 4. Білім беру мекемелеріне жұмысқа қабылданатын азаматтардың соттылығын ҚР БП ҚСжАЕАК ақпараттық сервисі арқылы тексеруді жүзеге асырады 5. Бөлім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу |
Қосымша жүктеме |
1. Облыстық білім басқармасына кадр жұмысы бойынша (РИК-83) есебін беріп, статистикалық көрсеткіштерді талдау; өз саласы бойынша Ұлттық білім беру деректер қорының (ҰББДҚ ) дұрыс толтырылуын қадағалау. 2. Азаматтардан жазбаша түскен хаттарды және бақылауда тұрған іс- қағаздардың дер кезінде орындалуын қадағалау және бақылауға алуды қамтамасыз ету. 3. Резервтағы мамандармен, жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау |