Қазақша  Русский  
Алматы облысы  <br> Жамбыл ауданы <br>әкімдігінің Білім бөлімі
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
әкімдігінің Білім бөлімі

ҚР Мемлекеттік рәміздері
eye 
Галереядан сурет

Бейсенаева Бибигуль Кошмаганбетовна - Жамбыл ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі

 

          Бейсенаева Бибигуль Кошмаганбетовна 1969 жылы 8 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты совхозында дүниеге келген, ұлты – қазақ.

        1991 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік педагогикалық университетін математика және оған қосымша информатика пәні мұғалімі мамандығымен бітірген.   

        Б.Бейсенаева еңбек жолын 1991 жылдың қыркүйек айынан Алматы облысы Күрті ауданы, Ақши ауылындағы Ленин атындағы орта мектепте математика және информатика пәндері мұғалімі ретінде бастады. 1993 - 1998 жылдары осы мектепте завуч-менеджер, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды.

        1998 – 2004 жылдары Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте математика пәні мұғалімі, педагог- ұйымдастырушы, 2004 - 2008 жылдары Абай атындағы гимназия мектепте математика пәні мұғалімі болды.

2008 жылдың наурыз айынан аудандық білім бөлімінде физика, математика және информатика пәндерінен әдіскер, 2009 жылдың сәуір айынан бас маман, ал 2017 жылдың желтоқсан айынан бөлімнің сектор меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы жылдар аралығында ауданның білім саласын көтеруге өз үлесін қосуда.

Мектеп жасындағы балаларды міндетті жалпы орта біліммен қамтамасыз етуде, мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыруда, тиісті мектебі жоқ елді мекендерден жақын мектептерге тасымалдап оқытуды ұйымдастыруда, ерекше назарды қажет ететін балаларды үйден немесе инклюзивті оқытумен қамтуды ұйымдастыруда нәтижелі жұмыстар атқарды. Мектеп жүйесін, сыныптарды жинақтау, оқушылар контингенті бойынша есептер жүргізуде үнемі жауапкершілік танытты.

         Өзіне бекітілген лауазымдық міндеттерді, мамандығын жоғары дәрежеде меңгерген, қажырлы, тынымсыз еңбегімен, өзіне тән жеке қасиеттерімен әріптестеріне, жастарға үлгі бола білген, жан-жақты, ұлағатты маман.

          Ауданның білім саласына қосқан үлесі үшін бірнеше рет аудан әкімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен және 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, 2019 жылы Алматы облысының Құрмет грамотасымен  марапатталды.

         Байланыс телефондары: 8-72770-20387

                                                  8-701-468-60-19

Copyright © 2016, Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі

Ұзынағаш ауданы

КІРУ