Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы бойынша алты жасқа толған әрбір бала мектеп қабырғасында оқуға міндетті.
Балалар - еліміздің болашағы, және оның қандай болары Қазақстан Республикасының әрбір азаматына маңызды болуы керек.
Акция азқамтылған отбасы оқушыларына жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету және 1 қыркүйекте әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.
Жамбыл ауданының жалпы білім беретін мектептің әкімшілігі мен ұжымы «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясына қатысуларыңызды сұрайды, 1 тамыздан 30қыркүйекке дейігі аралықта оқушылардың мектепке баруын толық қамту туралы ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындауда еліміздің барлық аймақтарында өтеді.
Акция мақсаты – оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтау, азқамтылған және көпбалалы отбасыларының оқушыларына, жетім балаларға, ата‑аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуына материалдық көмек көрсету және әлеуметтік жағдайы бойынша мектепке келмеудің алдын алу.
Көмекті киіммен, аяқкиіммен, мектеп құрал‑жабдықтарымен және т.б. көрсетулеріне болады.
Барлығыңызды қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсетуде қайрымдылық көрсетулеріңізді сұраймыз.
«Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылушы комитет бекітілді, яғни шағынауданды аралап оқушыларды жаппай оқытумен қамту мақсатында компьютер клубтарын аралайды, әлеуметтік‑қорғалмаған балалар туралы ақпараттар жинайды және т.б..
Мектепте ақпараттық стенд жасалған, акцияның жұмысын көрсетеді. Стендіде «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата‑аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі орналасқан.
Мектепте «Қамқорлық» операциясы өтуде, өту барысында киім‑кешектер, аяқ киім, мектеп құрал‑жабдықтары жиналады.
Ұсталған заттарды қабылдайтын бөлім ашылды.
Мектептің әлеуметтік‑қорғалмаған балалар туралы ақпараттар банкі жаңарды.
«Горячая линия» телефон қоңыраулары бойынша есеп журналы жүргізіледі