Қазақша  Русский  
Отдел образования акимата  <br>
Жамбылского района <br>
Алматинской области
Отдел образования акимата
Жамбылского района
Алматинской области

Государственные символы Республики Казахстан
eye 
Новости
11-05-2017
«Жылдың үздік мұғалімі - 2017» байқауы

  2017 жылдың 20-21 сәуірінде аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2017» байқауы өткізіліді. Оған алдын ала іріктелген 14 мұғалім қатысты. Байқаудың І  кезеңінде  «Менің педагогикалық кредом» тақырыбында шығармашылық таныстырылымда мұғалімдер өздерінің қолданып жүрген инновациялық тәжірибесін оқу – әдістемелік тұрғыда демонстрацияласа,   2-кезеңінде байқауға қатысушылар  3 минут ішінде аудитория  алдында  берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін көрсетті. 3-кезеңде «Жаңа форматтағы мұғалімммін» тақырыбында эссе жазды.

 Байқаудың екінші күні мұғалімдер «Кәсіби құзыретті мұғалім» кезеңінде  байқауға  қатысушылар белгіленген сыныпта оқу бағдарламасына сәйкес ашық сабақ өткізді.

  Байқауды аудандық білім бөлімінің басшысы бұйрығымен бекітілген әділқазы алқасы бағалады. Әділқазы алқасының шешіміне сәйкес 1-орынды Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Байболова Салтанат Жұмахановна иеленді. 2-орынды Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Айтқажы Тақылбек және Ынтымақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қасымқұлова Балжан Омиралиевна, ал 3-орынды Жамбыл атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Текешова Айгүл Насыровна, С.Бердіқұлов атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Авхриева Гүлбостан Имеровна, Қарғалы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Малабекова Шынар Базаралиевна иеленді.

Copyright © 2016, Отдел образования Жамбылского района Алматинской области
Узунагаш

Вход