Аудандық білім бөлімі басшысының аты-жөні: Бакирова Лайляш Хамитқызы
Аудандық білім бөлім мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 47
Байланыс телефоны, факс: 872(770) 2-28-51, 2-03-87
e-mail: Jam_raiono@mail.ru
Аудан бойынша жалпы мектеп саны – 62
оның ішіңде:
- Мектеп-балабақша кешені - 1
- Бастауыш мектеп - 9
- Негізгі мектеп - 6
- Орта мектеп – 46
Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер саны - 47
Орыс және мемлекеттік тілдерде оқытылатын мектептер саны – 15
Оқушылар контингенті - 33197
Мұғалімдердің жалпы саны – 3227
оның ішіңде:
- Жоғарғы санатты - 289
- Бірінші санатты - 295
- Екінші санатты – 343
Алматы облысы Жамбыл ауданы білім бөлімі
Жамбыл ауданында төрт қосымша білім беру мекеме және екі кәсіптік оқу мекемесі бар:
«Жамбыл ауылындағы өнер мектебі» МКҚК
«Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жас Ұлан» оқушылар үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Мекеменің толық атауы: «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жас Ұлан» оқушылар үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Орыс тіліндегі аталуы: Государственное коммунальное казенное предприятие Дом школьников «Жас Улан» Государственного учреждения
«Отдела образования Жамбылского района Алматинской области».
Мекен-жайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жаңақұрылыс ауылы, Тәуелсіздік көшесі №23 г, тел.8(72770)44029, эл.почта: zhas_ulan19@mail.ru
Құрылған жылы: 2000ж
2016-2017 жылдары аудан бойынша 3 ауысымдық мектептерді жою мақсатында жаңа мектептер іске қосылып, босаған ескі мектептерді қосымша білім беру мекемелеріне беру жөніндегі ұсынысты облыстық білім басқармасы қолдап, 2018 жылы Жаңақұрылыс және Ақсеңгір ауылынан екі ғимарат берілді. Жаңақұрылыс ауылында орналасқан ескі А.Қарсақбаев атындағы орта мектебінің ғимаратына аудандық білім бөлімінің тарапынан 7млн.тг бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, берілді. Робототехника, өлкетану, менталды арифметика, тоғызқұмалақ, шахмат, жас натуралист, жас химик, физика үйірмелері ашылды.
Ақсенгір ауылындағы ескі Ақсенгір орта мектебінің негізінде ашылған «Жас Ұлан» оқушылар үйі. 12 үйірмеге 252 бала қамтылып отыр. Ашылған мекемеде қолөнер, домбыра, вокал, хореография, қызықты грамматика, тоғызқұмалақ, шахмат, күрес, жас натуралист, бастапқы техникалық моделдеу үйірмелері, кадет сыныбы және өнер саласымен қоса заман талабына сай робототехника үйірмесі ашылып, мектеп екі ауысымда жұмыс жасауда.
Оқушы саны – 1205 (кезекші топтағы бала саны-894, қашықтықтан -256, жеке оқытуда -47).
Аудан бойынша «Жас Ұлан» оқушылар үйінде қосымша біліммен қамтылған бала санының пайыздық үлесі: 3,8%
Үйірме саны – 28, топтар саны - 97
Жалпы қызметкерлер саны – 60
Педагог қызметкерлер – 43
Қосымша шақырылған педагог қызметкерлер – 21
Жоғары білімді пед қызметкерлер – 41
Арнайы орта білімді – 2
Мектепішілік оқу – тәрбие шараларына қамтылған оқушылардың саны 813, пайыздық үлесі: 67,5%.
Аудандық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысы бойынша, 2020 жылдың қаңтар – қараша айларында жоспарға сәйкес аудан бойынша 25838 оқушының қатысуымен 102- іс-шара ұйымдастырылды. Яғни, аудан бойынша «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының мүшелерінің 82% құрайды. Алайда өткізілген мәдени көпшілік шараларға бюджеттен қаражат қарастырылмаған.
2019 жылы штаттық саны 59,4 бірлік, 2020 жылдың 1 қыркүйек айынан 60,4 бірлікті құрады. Яғни,
2019 жылғы штат саны |
2020 жылғы штат саны |
||
Әкімш. персонал |
Пед. ставка |
Әкімш. персонал |
Пед. ставка |
26 |
33,4 |
27 |
33,4 |
2020 жылы қызметтерді жүзеге асыруға барлығы 99710.0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:
Республикалық бюджеттен 15069,0 мың теңге;
Жергілікті бюджеттен 82868,0 мың теңге;
Облыстық бюджеттен 1773,0 мың теңге.
2020 жылдың 1 қараша айына 74149,0 мың теңге игерілді. 2020 жылдың 1 жетоқсан айына 82719,0 мың теңге игерілді.
Ерекшеліктер бойынша:
Өндірістік қажеттілікке байланысты мемлекеттік сатып алу парталында 28 келісім шартқа қол қойылды. Оның ішінде "Қазақстан Халық жинақ банкі" акционерлік қоғамының № 319900 Талдықорған облыстық филиалы" және ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ" ЖШС мен қол қою процесінде, 4 келісім шарт орындалды, қалғаны әрекетте.
2020 жылдың 01-қаңтарынан бастап келісім шарттар жасалған мекемелер тізімі |
||||
№ п/п |
Сатып алу атауы /Наименование закупа |
Келісім шарт соммасы /Сумма договора |
Сатып алу түрі/ Вид закупа |
Жеңімпаз/Победитель |
1 |
Услуги по предоставлению доступа к информационным ресурсам |
53 020 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Акционерное общество "Центр электронных финансов" |
2 |
Технические обслуживание с пожарной сигнализации с Жанакурылыс |
150000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Товарищество с ограниченной ответственностью "Пожмонтажсервис-Ал" |
3 |
Технические обслуживание с пожарной сигнализации с Аксенгир |
150000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Товарищество с ограниченной ответственностью "Пожмонтажсервис-Ал" |
4 |
Услуги местной телефонной связи |
12 768.00 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
"Қазақтелеком"акционерлік қоғамының филиалы -"Алматытелеком" -өңірлік телекоммуникация дирекциясы |
5 |
Услуги по доступу к Интернету |
561232 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
"Қазақтелеком"акционерлік қоғамының филиалы -"Алматытелеком" -өңірлік телекоммуникация дирекциясы |
6 |
Приобретение канцелярских товаров |
170000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Индивидуальный предприниматель "Azia Service" |
7 |
Хозяйственные товары |
232325 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ИП РАМАЗАНОВ М. Т. |
8 |
Масло моторное |
42000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ИП АЛМАЗ |
9 |
бензин маркасы АИ-92 |
96 001.92 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ТОО "PETROMOBIL INVEST" |
10 |
Техосмотр автотранспорта |
14000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ТОО "НАР-СЕРВИС" |
11 |
Услуги по администрированию и техническому обслуживанию программного обеспечения |
270 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Профессиональная организация бухгалтеров "Альянс профессиональных бухгалтеров" |
12 |
Услуги по техническому обслуживанию отопительных котлов |
150 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Профессиональная организация бухгалтеров "Альянс профессиональных бухгалтеров" |
13 |
Ведомственная подписка на газеты и журналы |
35 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Алматинский ОФ АО "Казпочта" |
14 |
Изготовление стендов |
60 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ИП Тотеев Марат Мухаметкалиевич |
15 |
Услуги по техническому обслуживанию компьютерной и периферийной оргтехники |
260 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Индивидуальный предприниматель "Azia Service" |
16 |
Услуги по техническому обслуживанию компьютерной и периферийной оргтехники |
200000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
"Талдыкорганский областной филиал № 319900 АО "Народный Банк Казахстана" |
17 |
Услуги банков по перечислению/переводу денежных средств |
60 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Алматинский ОФ АО "Казпочта" |
18 |
Услуги по передаче/распределению электроэнергии |
15000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Государственное коммунальное казенное предприятия "Районный дом культуры Акима Жамбылского района" |
19 |
Природный газа |
35000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Государственное коммунальное казенное предприятия "Районный дом культуры Акима Жамбылского района" |
20 |
Электроэнергия |
823000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Товарищество с ограниченной ответственностью "Алматыэнергосбыт" |
21 |
Услуги по установке/настройке программного обеспечения |
20 000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Профессиональная организация бухгалтеров "Альянс профессиональных бухгалтеров" |
22 |
Услуги по перестрахованию обязательств по страхованию автомобильного транспорта |
64 291 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
АО "Страховая Компания "Сентрас Иншуранс" |
23 |
Разработка ПСД для газификации здания |
1168274 |
Конкурс с предварительным квалификационным отбором |
ТОО "Компания Азия универсал" |
24 |
Приобретение канцелярских товаров |
217060 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Индивидуальный предприниматель "Azia Service" |
25 |
Приобретение канцелярских товаров |
239820 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Индивидуальный предприниматель "Azia Service" |
26 |
Приобретение дезинфекционного туннеля в комплекте |
440000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Индивидуальный предприниматель "Azia Service" |
27 |
Услуга по сопровождению и администрированию веб-портала ASD |
250000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
Товарищество с ограниченной ответственностью "Aurum bytes" |
28 |
Проведение комплексной вневедомственной экспертизы проекта газификации здания |
400000 |
Из одного источника путем прямого заключения договора |
ТОО "ARCHITECTSЭКСПЕРТИЗА.KZ" |
Барлығы: |
6 080 022 |
«Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы ауылындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының 2020 жылдың 1-ші желтоқсанына дейінгі жұмыс жоспарының орындау туралы.
«Алматы облысы Жамбыл ауданының білі бөлімі» Мемлекеттік мекемнсінің «Қарғалы ауылындағы өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдвқ қазыналық кәсіпорны 10 қантар 2018 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің №36 қаулысына сәйкес құрылды. Кәсіпорынның құрылтайшысы Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі болып табылады.
Мектебімізде жалпы саны -25 ұстаз қызмет етті,оқушы саны -394. 10 сынып,5 үйірме Қолөнер ашылып,өз жұмыстарын бастады.Олар: домбыра, дәстүрлі ән, ақындар, сазсырнай, сырнай, ақындар, хореография, цирк өнері, фортепиано,вокал сыныптыры,қолөнер,бейнелеу,драма, ағылшын,көркемсөз үйірмелері жұмыс жасады.
«Алматы облысы Жамбыл ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарғалы ауылындағы өнер мектебі» МКҚК «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» ММ 2018 жылғы 8 қазандағы №450 қаулысымен «Қарғалы ауылындағы балалар және шығармашылық орталығы» болып өзгертілді.
2019-2020 оқу жылында оқушылардың жалпы саны 590. Олардың 100-і домбырада, дәстүрлі әнде 10, қобызда 10, ақындарда 4, вокалда 96, фортепианода 27, сырнайда 4, сазсырнайда 9, хореографияда 48, гимнастикада 42, қолөнерде 96, бейнелеуде 36, ағылшын тілінде 36, қазақ- орыс тілінде 24, өлкетануда 48 оқушы бар.Мұалімдердің жұмыс кестесі бекітіліп, хор, оркестр сабақтарының оқушылары жүйеленді.Шығармашылық орталығы 3 бағытта жұмыс істейді: музыка- эстетикалық,қолданбалы шығармашылық, әлеуметтік педагогикалық.
2020жылдың қаңтар айының 27-нен ақпан айының 3-не дейін музыка- эстетикалық бөлімінің «Музыка- эстетикалық тәрбие көзі» атты бірлестік апталығы өтті..Апталыққа 100 оқушы қатысты.Вокал үйірмесінің жетекшісі Назихан Д. «Қазақ халқының музыка өнері» тақырыбында ашық сабақ, тәрбие сағатын өткіздіВокал үйірмесінің жетекшісі Керимкулова А.А. «Дыбыстар достығы» тақырыбында ашық сабақ, тәрбие сағатын өткізді. Жетекші әртүрлі резонаторлармен жұмыс жасады. Дауыстың ашық шығуын қадағалады. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға дыбыстардың тазалығы маңызды екені айтылып, ән айту кезінде оларға таза түсу жаттығулары жасалды. Сабақ түсінікті, қызықты өтті.«Үйірмеде оқушылардың ән үйрену әдістері» тақырыбында ашық сабақ, тәрбие сағатын өткізген вокал үйірмесінің жетекшісі Жүкебекова Г. сабағын оқушылармен қызықты өткізді. Домбыра үйірмесінің жетекшісі Таукенова А.К. «Домбыра аспабында ойнаудың түрлі тәсілдерін меңгере отырып, мәнерлеп ойнау әдістерін» көрсетті. Сабақтың мақсаты, сабақ барысы, нәтижесі, қорытындысы болды. Әртүрлі ойнау әдістері, штрихтар, қағыстар көрсетілді. Домбыра үйірмесінің топтық сабақтарын жүргізетін жетекші Даулеткалиева А.Е. «Күмбірлесін қазақтың домбырасы» тақырыбында ашық сабақ, тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға домбыраның құрылысынан бастап, домбырашы отырысы, домбыраны ұстауы қайталанды. Оқушыларға видеожазбалар көрсетілді. Күйшілік мектептерге толық тоқталып, әртүрлі мектептердің орындау тәсілдері айтылды.Домбыра үйірмесінің жетекшісі Дарменшеев Е.А. «Музыкалық аспап- домбыра» тақырыбында ашық сабақ, тәрбие сағатын 1,2 топ оқушыларымен өткізді. Дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Қанибек А. «Ән- күйсіз көңіл- күңгірт, өмір- бұлдыр» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа үйірменің 2 сынып оқушысы қатысты . Сазсырнай үйірмесінің жетекшісі Сағат А. «Сазсырнай- қоңыр үнге толы аспап» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Аспаптың дыбыстарының таза шығуына мән берілді. Оқушы сабаққа бар ынтасымен қатысты. Аспапта ойнау кезінде демнің дұрыс болуы көрсетіліп, түсіндірілді.. Қобыз үйірмесінің жетекшісі Құрсабаева Б. Қ. «Аспаптардың атасы- қобыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жүйелі түрде өтіп, оқушыларға аспапта ойнаудың әдістері көрсетілді. Оқушылар Абайдың шығармаларын орындады. Сабақ қорытындыланып, баға қойылды.Хореография үйірмесінің жетекшісі Сагембаева А. «Қазақ биінің орындалу техникасы» тақырыбында ашық сабақ көрсетті, қатысқан оқушылар саны 50. Оқушылар қолға, аяққа арналған жаттығулар жасап, классикалық қимылдар көрсетті. Ақпан айында қолданбалы шығармашылық бірлестігінің «Шебер қолдар- сиқырлы бұйымдар» атты апталығының ашылуы болды. «Көркемдік құрастыру және дизайн өнері» тақырыбында қолөнер үйірмесінің жетекшісі Кулпеисова Ж.ашық сабақ көрсетті.Оқушылар әртүрлі материалдардан бұйымдар жасады. Сондай ақ, қолөнер үйірмесінің жетекшісі Керимбаева К. «Қолөнер- еңбектің қайнар көзі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Үйірме оқушылары сабаққа белсене қатысып, түрлі- түсті қағаздардан әртүрлі пішіндер жасады. Бейнелеу үйірмесінің жетекшісі «Көңілді акварель» тақырыбында оқушылармен ашық сабақ өткізіп, нотюрморт, пейзаж, портреттер салып үйренді, қатысқан оқушылар саны 30.Сондай ақ, ақпан айында әлеуметтік- педагогикалық бірлестігінің апталығы ашылды, қатысқан оқушылар саны 90. Өлкетану үйірмесінің жетекшісі «Өз бетінше білім жетілдіру көздері» тақырыбында ашық, тәрбие сабағын өткізді. Қазақ, орыс тілдерінің жетекшісі Бауэр З. «Білім жетілдіру жүйесінің негізгі формалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ағылшын тілі үйірмесінің жетекшісі Марат Н. «Are you good at school?» тақырыбында ашық сабақ өткізді, қатысқан оқушылар саны 30. Ашық сабақтардың тақырыптары ашылды, оқушылар белсене қатысты.Ақпан айында аудандық білім бөлімінің жүргізген тексеру жұмыстары бойынша мұғалімдердің сабақтарына қатысқан комиссия мүшелері бірнеше қателіктер айтты.Ақпан айында ДЖО №6 өтті. Күн тәртібінде аттестациядан өтетін мұғалімдердің портфолиосын жинақтау қорытындысы және Шығармашылық орталықтың есеп беру концертінің жоспары талқыланды.Ақпан айында «Шындықтан туған шын поэзия» атты М. Мақатаевтың кеші өтті. Шараға Шығармашылық орталықтың мұғалімдері, оқушылары қатысты. Мұқағали өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, қатысқан оқушы саны 100.Ақпан айында «Жыр алыбы- Жамбыл» атты кеш өтті. Ұйымдастырылған шараға өлкетану үйірмесінің оқушылары қатысты.
Наурыз айында ДЖО№7 өтті. Күн тәртібінде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс- тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау мәселесі қарастырылды. Әлеуметтік- педагогикалық бірлестіктің III тоқсан жұмысының қорытындысы тыңдалды. Бірлестік жетекшісі Лескенқызы К. өз есебін оқыды. Сондай ақ, вокал үйірмесінің жетекшісі Керимкулова А.А. «Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндік» тақырыбында. Наурыз айында қолданбалы шығармашылық бөлімінің жетекшілері « Мен қазақтың қызымын» атты қыздар арасында сайыс өткізді. Үйірмеге қатысатын қыздар өз өнерлерін көпшілікке ұсынды .Наурыз айында әлеуметтік- педагогикалық бірлестігі «Менің кіші отанымның картасы» тақырыбында квест ойын ұйымдастырды. Оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойылып, ойын қызықты да тартысты өтті.Дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Қанибек А. «Сегіз қырлы- бір сырлы» ток шоуын өткізді. Ток шоуға ұлт аспаптар үйірмелерінің оқушылары қатысты. Оқушылар арасындағы сайыс қызықты өтті.Наурыз айында №4 Педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде III тоқсан бойынша атқарылған жұмыстардың есебін директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаев Асхат Серікұлы оқып шықты. Шығармашылық орталықтың өзекті мәселелері талқыланды. Дәстүрлі ән үйірмесінің жетекшісі Қанибек А. «Заманауи мектептегі қосымша білім беру жүйесі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндаушыға сұрақтар қойылды.Наурыз айының 16-нан бастап ұстаздар мен оқушылар COVID-19 вирусынан сақтану мақсатында карантинге жіберілді. Әлемдік індет кезінде мұғалімдер мен оқушылар сақтық шараларын сақтап, үйде болу керек екендіктері ескертілді. «Қарғалы ауылындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК IV тоқсан жұмысын сәуір айында бастады. Әлемде өршіп тұрған індетке байланысты «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес барлық ұстаздар оқушыларды қашықтықтан оқыту режиміне толық ауысты. Білім және ғылым министрлігінің 08.04.2020 №135 шығыс хатының негізінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен жұмыс атқарылды. Қашықтықтан оқыту форматын таңдап электрондық жүйеге ауысып, ASD сайтына тіркелдік. Сайтқа ШО барлық мұғалімдер мен оқушылардың ЖСН нөмірімен тіркеп, электронды сабақтар кіргізілді.Оқушылар ватсап желісін қолдана отырып, аудио, видео жазбалар арқылы бекітілген жоспар бойынша сабақ оқыды. Ұстаздар сәуір және мамыр айларына күнтізбелік тақырыптық жоспарларын жаңадан жасап, шығармашылық орталығының сайтына толтырды. Ашылған электронды журналдардың толтыру ретін директор орынбасарлары көрсетіп, түсіндірді. Барлық ұстаздар бекітілген сабақ кестесінің күндері бойынша оқушының уақытын тиімді пайдалана отырып сабақтарды өткізіп отырды. Әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, оқушылар кері байланысқа шығып отырды. Үйірмелердің өткізген сабақтары Шығармашылық Орталығының фэйсбук парақшасына салынды. Сәуір айында ДЖО№8 өтті. Отырыс zoom желісі арқылы өткізіліп, әртүрлі мәселелер айтылды. Оқушылардың сабаққа қатысуы, Шығармашылық Орталықтың сайтының ашылғаны және жоспарларды ішіне кіргізіп журналдарды толтыру реті, ата- анамен тығыз байланыс, оқушының уақытын тиімді пайдалану, аудио, видео жазбалармен жұмыс істеу, кері байланыс орнату сияқты мәселелер талқыланды.Қашықтан сабақ өткізіп, ата-аналармен, оқушылармен кері байланыста отырса да, ұстаздар өз шеберліктерін шыңдай түсті. Атап айтсақ, К. Лескен «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайтында «Өз жеріңді танып біл» оқу әдістемелік материалын, дизайн үйірмесінің жетекшісі Ж. Күлпеисова «Құрақ құрау» тақырыбына сабақ жариялап сертификат алды. Сонымен қатар мамыр айында өткізілген Республикалық «Болашаққа бағдар: руһани жаңғыру» Блиц- турнирінде өлкетану үйірмесінің жетекшісі К. Лескен 1 орын иеленіп 1 дәрежелі дипломмен, дизайн үйірмесінің жетекшісі Ж. Күлпеисова Республикалық «Көркем еңбек» Блиц- турнирінде 2 орын иеленіп 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.Наурыз айында Талдықорған қаласында өткен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында ағылшын тілі үйірмесінің жетекшісі Марат Н.өз біліктілігін көтерді, қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Бауэр З. Нұр- Сұлтан қаласында өткен ҚР Білім және ғылым Министрлігі, «Дарын» Республикалық ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен әйел- педагогтардың республикалық форумына қа-тысып, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы және Республикалық ғылыми- практикалық орталығының кубогымен марапатталды.1 Мамыр Ынтымақ күніне орай ұстаздар слайдтар жасап оқушыларын, ата- аналарын құттықтады, тәрбие сағаттарын өткізді.9 Мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы ерлікке тағзым» тақырыбында ұстаздар бейнежазба түсірді. Бейнежазбада «Жеңіс күні» әні шырқалды. Ұстаздардың орындауында айтылған ән өз деңгейінде жақсы орындалып шықты. Ән фэйсбукке жарияланды.Мамыр айында zoom платформасы арқылы ДЖО№9 өтті. Шығармашылық орталықтың әкімшілігі ұстаздардың сабақ өткізу кезіндегі қиындықтарға тоқталды. Оларды шешу жолдарын көрсетті. Электронды журналдарды уақытылы толтыру керектігі айтылды. Сондай ақ 1 Маусым "Балаларды қорғау» күніне онлайн концерт өткізсек деген ұсыныс тасталды. Бұл ұсынысты мұғалімдер бір ауыздан қабылдап оқушылардың дайындығын айтты.Аттестация- педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді..Оқу жылы барысында мектепішілік аттестациялау комиссиясының отырысы болып, үш жылғы жасайтын құжаттар туралы айтылып нұсқаулар берілді.Мамыр айында кезекті Педагогикалық Кеңес өтті.1).COVID-19 короновирустық инфекция кезінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралары туралы. 2).Тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстарының жылдық есебі. 3).IV тоқсан бойынша қашықтықтан оқытудың нәтижесі. 4)Оқу- тәрбие жұмысының 2-ші жартыжылдық бойынша қорытынды есебі. 5.)Үйірме оқушыларын келесі оқу жылына көшіру туралы мәлімет. 6). 2019-2020 оқу жылындағы оқу- тәрбие жұмысының жылдық талдау қорытындысы. Қарғалы шығармашылық орталығының әкімшілігі карантин кезінде жиі кездескен мәселелерге тоқталды. Интернет желісінің тоқтап қалып жұмыс істеуі, оқушылардың барлығы дерлік смартфондармен қамтамасыз етілмегені айтылды. Аудио, видео жазбалар арқылы оқушылармен байланыс орнатты. етілуі айтылды.1 Маусым Балаларды қорғау күнінде Шығармашылық Орталығының оқушылары мен ұстаздары онлайн форматында барлық балаларға құттықтау лебіздері мен ән шашуын құттықтауларын жіберді. Олардың айтқан әндері, орындаған күйлері, гимнастика үйірмесі оқушыларының өнері фэйсбук желісіне жүктеліп, директор Малайсарова А.Ж. және директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаев АС. құттықтаулары жарияланды.Оқушыларымыз түрлі байқауларға қатысты. Халықаралық байқауларға 43, 108 Республикалық ,35 Облыстық .Жалпы 2019-2020 оқу жылында 136 оқушы байқауларға қатысып, жоғары деңгейде жетістіктер көрсеткенін директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.С Бактыбаев айтты. Мұғалімдер білім беру бағдарламаларына сәйкес жұмыстарын атқарып, 4 тоқсанда қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып,бейнесабақтар әзірледі. Видеоконференциялар, вебинарлар, сабақтар ZOOM интернет платформасында өткізілді. Оқушылармен кері байланыс, электорондық журнал жүргізілуі жүзеге асырылды.
2020-2021 оқу жылында Шығармашылық орталығының оқу жылына жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сай 5 педагогикалық жұмыс, 4 әдістемелік отырыс, 9 директор жанындағы отырыс. Педагогтардың сағат жүктемелері, міндеттері бөлінді. Сабақ кестесі құрылынды. Орталығымызда 2020-2021 оқу жылында 22 мұғалім жұмыс жасауда, жоғары білімді 18 ұстаз, оның ішінде жоғары кәсіби-3,орта білімді-4. Кәсіби біліктілігі бойынша жоғары санатты 3 ұстаз –Малайсарова А.Ж, Құрсабаева Б.К, Қасымбекова Ж.А, бірінші санатта 4 ұстаз олар: Бауэр З.М, ОтеповаГ.Г, Керимкулова АА, Ахметова А.А, екінші санатты 3 ұстаз олар: Таукенова А.К, Бактыбаев А.С, Назихан Д. Ұлттық педагогикалық тестілеуден өткен ұстаздар Педагог модератор біліктілік санатын алған - Лескен К,Канибек А,Даулеткалиева А, КулпеисоваЖ.К. Категориясыз 8 ұстаз, олар- Керимбаева К, СанатбекС, Шаяхмет М, Әділбек Е, Сайдунова З, Сагембаева А, Сағат А,
Тобжанова А.
Жас мамандар жұмысқа қабылданды, сырнай үйірмесінің жетекшісі Шаяхмет Мухтар, домбыра үйірмесінің жетекшісі Әділбек Елтай, ІТ үйірмесінің жетекшісі Санатбек Саламат, хореография үйірмесінің жетекшісі Отепова Гульниса. Әр педагог бекітілген оқу бағдарламасымен,күнтізбелік жоспармн жұмыс жасауда.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мүшелері, сараптамалық топ, аттестация комиссия мүшелері бекітілді. Жас мамандарға тәлімгер,ата-аналармен жұмыс, санитариялық ұйымдастыру жұмыс жоспарлары бекітіліп, оқушылардың тізімі,топттарға жүйеленіп, жеке оқытуда оқушы саны -71, топтық оқытуда оқушы саны - 701 , топ саны -52, жалпы оқушы саны – 776, үйірме саны -16 болып бекітілді.
Қарғалы шығармашылық орталығында 16 қыркүйек күні «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атты Ашық есік күні өтті. Бұл шараға 500 оқушы қатысты. Мектепішілік өткен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты Қарттар Күніне арналған мереке өз деңгейінде өтті. Қарттарға арналып әндер, күйлер оқушылардың орындауында ұсынылды, 300 оқушы қатысты. «Ұстаздар- ұлы тұлғалар»атты мектепішілік мерекелік шараға барлық үйірменің оқушылары жұмылдырылды..Қазан айында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай оқушылар арасында эстафета өтті.Мақсаты: Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру.
«Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығымен педагогтер толығымен танысты. ШО келесі форматта жұмыс жасауда: штаттық режимде жеке сабақтар( балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде). Штаттық форматта 15 адамнан аспайтын топтардағы сабақтар санитарлық нормаларын сақтай отырып, штаттық режімде оқыту процессін ұйымдастырылды.
Әр жұмыс жасаушы мен білім алушы бетперде тағып, су режімін сақтайды. Дизинфекциялау құралдары,желдету,кварцтау,1,5 метр ара қашықтықты сақтау,ылғалды жинау қамтамасыз етілді, педагогтермен штаттық режимде жұмыс істеуге жазбаша келісімдері жасалды.
Шығармашылық орталықтың қызметкерлері еңбек тәртібінің ережесімен танысты.Ұстаздар шығармашылық орталықтың оқу-тәрбие жұмыс жоспары бойынша өз жұмыстарын жүргізіп бастады.
2020 жылға қаржыландыру жоспары бойынша 61 828 мың тенге бекітілген, нақтыланған жоспардың 2020 жылдың 1-ші желтоқсанына дейінгі қаражат 60 381 мың теңгені құрайды, кассалық шығыстарының орындалғаны 60 381 мың теңге құрайды, немесе 97,6&
Copyright © 2016, Отдел образования Жамбылского района Алматинской области |